Актобе

                                         

            



Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Сведения об общеобразовательной организации

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі   
№ 179 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі төмендегідей:
 . Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
      оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
      бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
           7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      . Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейінгі демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/е нысан;
      4) 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет;
      5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).
      Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
      3) босқын – босқын куәлігі;
      4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
      5) оралман – оралман куәлігі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі
 
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы   
орта білім берудің жалпы білім   
беретін бағдарламалары бойынша   
оқыту үшін ведомстволық      
бағыныстылығына қарамастан білім 
беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша             
Нысан
 
 
____________________________ басшысы
                                                              (жергілікті атқарушы органның атауы)
____________________________________
____________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда),
 
 
Өтініш
      _______________________________________________________________
                                           (білім беру ұйымының толық атауы)
___сыныпта оқу үшін _____________________________________________ мекенжайында                           (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
 
тұратын менің балам/қызым_________________________________________
                                                                          (Т.А.Ә. (болса))
қабылдауды сұраймын.
      Ақпараттық жүйеде орналасқан заңмен қорғалатын құпиялардан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
                                        
 
      «__» __________ 20____                                                      __________
(қолы)                                                                                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
 
Білім беру ұйымы    Мемлекеттік мекеме «№1 Алға мектеп-бақшасы» КММ 
                                                        (білім беру ұйымының толық атауы)
                                                          Ақтөбе облысы, Алға ауданы
                                                      (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № ______________ қолхат
__________________________________________ мынадай құжаттар алынды:
            (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
1. Өтініш
2. Туу туралы куәлік көшірмесі – 1 дана
3. Дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытындысы №086-е нысаны
4. 3х4 өлшеміндегі сурет – 2 дана
5. ПМПК қорытындысы (болған жағдайда)
6. Басқа _____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Өтініштің қабылданған күні __________________________________________
 
 (құжаттарды қабылдаған жауапты адам)
      _____________ (қолы)
     
Телефоны: 8-/71337/-3-53-04
     
Алдым: ___________________________________________ ( көрсетілетін қызметті алушының қолы)
      «__» __________ 20__ жыл