Актобе

                                         

            



Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Мектеп асханасы



3-4 сынып оқушылары арасында  "Ас адамның арқауы", "Дұрыс тамақтану" тақырыптарында онлайн іс-шаралар өтті.


Наурыз айының 2-сі күні №Алға мектеп-бақшасы бойынша «Мектеп асханасы» республикалық алдын – алу шарасы аясында мектебіміздің ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастыру жағдайын зерттеді.





 №1 Алға мектеп-бақшасында  оқушылары арасында дұрыс тамақтану және  тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу жоспары  аясында  1 "Б" сынып оқушылары арасында «Ағзаңа қандай дәрумен жетіспейді» тақырыбында  тәрбие  сағаттары  өткізілді. Танымдық  маңызы  зор  тәрбие  сағаттарында  оқушылар жас ерекшелігіне сәйкес дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты  өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі  жөнінде  мәліметтер берілді. Өткізген: Өтепова З.







   "№1 Алға мектеп-бақшасы" КММ    дұрыс тамақтану және  тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу жоспары  аясында    "4 Б" сынып  оқушылары   «Дәрумендерді пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында  тәрбие  сағаттары  өткізілді. Танымдық  маңызы  зор  тәрбие  сағаттарында  оқушылар жас ерекшелігіне сәйкес дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты  өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі  жөнінде  мәліметтер берілді. Өткізген: Сақтағанова Перуза










«Астарың дәмді болсын!»

         2019-2020 оқу жылында мектептегі 1 реттік тегін ыстық тамақ құны 430 теңгені құрайды.Тамақтану үшін үзілістер кезінде ұйымдастырылған.Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мектебімізде 116 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.




   

        



«Дұрыс тамақтану пирамидасы және ережелері»

Уақытылы тамақтану туралы түсініктерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстауды дәріптеу мақсатында  мектеп дәмбикесі Х.Ермекова оқушыларға дұрыс тамақтануға байланысты интерактивті сабақ өткізді.

 


   


№1 Алға мектеп-бақшасының 4"Б" сыныбымен мектебіміздің медбикесі Х.Ермекова "Дұрыс тамақтану" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.







 


 



2019-2020 оқу жылындағы

"№1 Алға мектеп-бақшасын"  КММ бойынша  ыстық  тамақтың

ұйымдастырылу  жұмысының  жоспары












Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша

 

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы мен мектеп директорларының ұсынысы негізінде мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне және мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.

Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).

Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы) көзделген.

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.


Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.

Өнім берушілердің жаңа піскен және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережемен өнім берушілердің мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша балл алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.

Тағамдардың, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.


Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).


2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, алғаш рет балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ қосымшалар енгізілді).

Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы көзделген.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.

2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп мемлекеттік сатып алу портал арқылы конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру мәселесін пысықтауда.

Бүгінгі күні мектеп қызметкерлері мен ата-аналар жұртшылығының қызмет көрсетуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық түрде қарастырылған.  Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.

Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.

Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер пысықталды. Қазіргі таңда, бірінші орынға білім беру ұйымдарының басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейінің маңыздылығын ескеру керек.



Осыған байланысты, мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру жөніндегі Министрлік қызметінің негізгі бағыты тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады.


Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарына балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде анықталған бұзушылықтарбойынша атқарылған іс-шаралар туралы хабардар етіледі.



2019-2020 оқу жылындағы

"№1 Алға мектеп-бақшасын"  КММ бойынша  ыстық  тамақтың

ұйымдастырылу  жұмысының  жоспары