Актобе

                                         

            



Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Для родителей

Ата-анаға айтылар ұсыныс

1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.

2. Таңертен  сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.

3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз.  Мектептен келген  балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.

8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.

13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.

15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды  үйретіңіз.

Ата-аналарына арналған жадынама

1- ереже

Ешқашан баланы бір уақыта 1-сыныпқа және қандай да бір секцияға не үйірмеге жібермеңіз. Балаға мектепке баруының өзі балаға ауыр стресс /5-7 жас/. Егер бала асығыссыз сабағын қарауға, қыдыруға, демалуға мүмкіндігі болмаса, онда ол балада невроз басталуы мүмкін. Сондықтан қандай да баланың секцияға не үйірмеге қатысуына 1-сыныпқа барар алдында немесе 2-сыныпқа көшкеннен соң апаруға болады.

2-ереже

Есіңізде болсын, бала тек 10-15 минут қана зейінін шоғырландыла алады. Сондықтан, баламен сабақ қарарда, әрбір 10-15 минуттан соң үзіліс жасап міндетті түрде сергіту сәтін жасау керек. Үй тапсырмасын жазба жұмыстарынан бастаған жөн. Ал сабақ қараудың барлық жиынтығы бір сағаттан аспау керек.

3-ереже

Әлемнің невропотолг және офтальмолог дәрігерлері – компьютер, теледидар және көзге көп әсер ететін сабақтар тәулігіне бір сағаттан аспау керек дейіді.

4-ереже

Сіздің балаңыз алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап сіздің көмегіңізді өте қажет етеді. Ол тек өзінің сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынастарын қалыптастырып қоймай үйрене бастайды.

Егер сіз оның байсалды, байыпты, өз-өзіне сенімді болып өссін десеңіз оны әрдайым  өз ретімен мадақтап, мақтап отырыңыз. Оның кейде алып қалған екіліктері мен дәптерінің таза еместігіне ұрыспаңыз. Кейін таза жазуға, жауапкершіліке сізідің арқаңызда үйренеді. Ал күнделікті кінәлаудан және жазалаудан бала өз-өзіне деген сенімін жоғалтады.

Бiрнеше қысқа ережелер

            Баланың жетістігі үшін емес, оның өмірдегі қалпы үшін жақсы көретіндігіңізді сендіріңіз.

              Ешқашан да /тіпі іштей/ балаға басқа баладан “кемсің” деп айтпау керек.

Баланың кез келген сұрағына шамсына қарай шын және шамаданбай жауап беру керек.

              Әр күн сайын баламен жеке болуға уақыт тауып көріңіз.

Баланы қысылмай-қымтырылмай тек сыныптастарымен ғана емес сондай-ақ үлкендермен де жасқанбай сөйлетуге үйретіңіз.

Оны мақтан ететіңізді жиі айтыңыз.

           Балаға әрқашан шындықты ғана айтыңыз, тіпті ол сізге қайшы келсе де.

Баланың тек іс-әрекетін ғана бағалаңыз.

           Үлкендер балаға қалай қараса, бала өзіне де солай қарайды.

Өмірде тек бала ғана емес , үлкендер де қателесетінін айту керек. Сондықтан бүгінгі қателікті ертеңдері түзетуге болатынына сендіру керек.

  Балалар мектепке оқу үшін келеді. Адам бірдеңені үйренгенде, бірден меңгеріп кетпейді, бұл табиғи нәрсе. Адамдармен тең құқықта сөйлесіңіз және мінез құлық айналадағылармен қарым –қатынас жасау үлгілерін әрқашан бір  -бірлеріңе көрсетіңдер.

 Үй тірліктерімен , теледидар қараумен немесе компьютермен «сөйлесумен» араластырмай, аранйы ол үшін уақыт бөліңіз.

Балаға зейін қоя білу керек: сонда балаға сіздің қандай көмегіңіз керек екендігін, мұғаліммен не туралы, ата –анасымен не туралы, достарымен не туралы сөйлесу қажеттігін, сіз онымен үйде болсын, мектепте болсын, басқа жерлерде болсын  шын мәнінде не болатындығын түсінесіз.