Актобе

                                         

            



Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Қамқоршылық кеңес











                   


                                                                        
                                                                                 

#1 Алға мектеп-бақшасында "Адал жол"марафоны аясында 7 сынып оқушылармен "Менің таңдауым " тақырыбында іс -шара өткізілді.




















































 №1 Алға мектеп- бақшасы» КММ қамқоршылық кеңесінің отырыс ХАТТАМАСЫ

 

«№1 Алға мектеп-бақшасы» КММ. 26.01.2019 ж.

 

              Қатысқандар: А.Махамбетова – кеңес төрайымы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі, С.Сайманов – кеңес мүшесі, аудандық салық бөлімінің бөлім басшысы, Б.Баймуратова – кеңес мүшесі, ардагер ұстаз, Қ.Ержанов – кеңес мүшесі, аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, С.Серкештаев- кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер, А.Жариков – кеңес мүшесі, жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор,  Н.Уразымбетова – кеңес мүшесі, жеке кәсіпкер, Г.Махамбетова – мектеп директоры,  Ж.Нуртуякова – тәрбие орынбасары.

Күн тәртібінде:

1.     «Мұғалім мәртебесі» туралы  заң жобасын талқылау;

2.     Жасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары;

3.     Бос білім беру  ұйымдары  басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңесінің ролі.

 

Тыңдалды: Г.Махамбетова – мектеп директоры.

   «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасының жұмыс тобы министрдің  2018 жылғы 31 қазандағы №608 бұйрығына сәйкес құрылған. Оның құрамында әртүрлі саланың өкілдері, мемлекеттік органдардың, мұғалімдердің құқығын қорғайтын кәсіподақтың өкілдері, мектеп директорлары және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары бар. Заң жобасында  мұғалімнің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау тетіктері көбейген деуге болады. Әсіресе, мамандарды қайта даярлау бұрынғыдан өзгерек тәртіппен жүрмек. Мысалы, мамандығы химик адам педагогикалық курстан өтсе, мұғалім бола алады. Бұдан басқа, қоғамда байқалатын тағы бір көрініс – ұстаздарды басыну, ата-аналар тарапынан білінетін дөрекілік.Айта кететін жағдай, енді мұндай әрекеттерге заң арқылы тыйым салып, ұстаз абыройын қорғайтын тетіктер енгізілмек. Заң жобасын талқылау аяқтап келеді, шамамен 2019 жылдың маусымында қабылдануы керек.

Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша тәрбие орынбасары  Ж.Нуртуякова  сөйледі.

    Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сыйпатталады. Заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.  Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырылған.  «№1 Алға мектеп-бақшасы» КММ-де жоғарғы сынып ер балаларының арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндірмелік жұмыстар жасалды.Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың ата-аналары, сынып жетекшілерімен, психолог, әлеуметтік педагог қатысуымен  жиналыс ұйымдастырылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің хаты басшылыққа алына отырылып  «Білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға болмайтын заттар» туралы түсінідірмелік жұмыстар өткізілді. Қолдануға болмайтын заттардың тізімімен таныстырылды және бұлардың бәрі мектеп жарғысына кіргізілетіні айтылды.

ІІІ мәселе бойынша А.Махамбетова қамқоршылық кеңесінің төрайымы бос білім беру ұйымдары басшыларын тағайындаудағы рөлі туралы айтып өтті. Сонымен қатар жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның ауласын көркейту, оқу кабинеттерін жабдықтау. Білім беру ұйымының есеп шотына түскен демеушілік, қайырымдылық қаражаттарын және бюджеттік қаржыны  тиімді және ашық пайдалану механизмін құру. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі сұрақтар төңірегінде құзыреттіліктері бар екендігін түсіндірді.

Қаулы:

1.     «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасы  ұжым арасында түсіндіріліп, жұмыстар кеңінен талқылансын;

2.     Жасы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатырған бейнежазбалар, білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға болмайтын заттардың тізімі ата-аналарға, сынып жетекшілерге таныстырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілсін;      

3.     Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жандандырылып, атқарылған іс-шаралар мектептің  интернет-ресурстарына орналастырылсын. 

       

         Қамқоршылық кеңесінің төрайымы               А.Махамбетова

                    

                     Хатшы                                                               Ж.Нуртуякова



        №1 Алға мектеп-бақшасында "16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай мектебімізде "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Махамбетова Алмагүл Аскербаевна "Нұр Отан" партиясы Алға аудандық филиалының кеңесшісі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Ержанов Қазбек Есбосынұлы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Жариков Асет Ниязгалиевич кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері салтанатты жиынға қатысты.


           

  «№1 Алға мектеп-бақшасы» КММ

Бітіруші  түлектер «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектепке  

мемлекеттік герб алынды, бағасы   56 000т.

Балабақша ұжымына ата-аналар демеушілігімен  40 000 теңгеге ыдыс-аяқ пен ойыншықтар  алынды, заманға сай безендіру жұмыстары үшін   59 000т. жұмсалды.

Мектеп ауласын абатттандыру үшін мұғалімдер демеушілігімен  30 000 т. питунья гүлі отырғызылды.

Мектеп жанындағы участокке  сынып жетекшілер көмегімен 15 000 т. көлемінде  көкөніс өнімдері (қияр, помидор, асқабақ, баклажан, бұрыш) отырғызылды.

Класс кабинеттеріне ата-ана демеушілігімен  50 000 т. жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пән мұғалімдерінің және кабинет меңгерушілерінің  көмегімен жекелеген кабинеттерге   150 000 т. стендтер мен шкафтар жасалынды.

Барлығы :   400 000т.