1975 жылы негізгі орыс мектебі мен қазақ орта мектебі қосылып, аралас орыс және қазақ орта метебі болып Ленин көшесінде іргетасы қаланды. Мектеп жалпы аумағы 3680 шаршы метр болды. Директоры Изтілеуов Ж.Б. ал завуч Шишова А.Г. қызмет атқарған. 1978 жылдары Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ІІІ сьезіне делегат болып,Ақтөбе облысынан 18 адам, соның ішінен №1 мектептен екі мұғалім Алгиев Ә. және Исанова Ұ. қатысты.Осы жылдары зор еңбек еткен ұстаздар Байниязова Ә. Исанова Ұ. Еркусимова А.Иманғазина Т.Ибраев Ө.Елешова Н. Ағниязова М.Степаненко Л.К. Степаненко Л.П. т.б.
1998- 2000 жылдар арасында Гильманов Н.Ж. мектеп директоры болды. Бала санының азайуына байланысты 2000 -2002 жылдары №2 Пацаев В.И. атындағы мектепке уақытша қосылып оқыды. 2002-2011 жылдар – Нурупова Ж.З. 2011-2012 жылдар-Есенова Г.А. 2012-2013 жылы Алмашева С.А. 2014 жылы Махамбетова Г.С.директор қызметін атқарды.
Мектеп мақтаныштары: 1975 жылы Изтілеуова Ә. мектепті «Алтын белгі», 1986 жылы Ханенко С. «Күміс белгі», 2003 жылы Досжанова И. «Алтын белгі», 2005 жылы Мусина Л. «Үздік аттестат»,2012 жылы Мұхамбетқазин З. «Алтын белгі»,2013 жылы Матай Б. «Алтын белгі» иегерлері атанып, мектеп тарихында өз есімдерін қалдырды. Мектепте көп жылдар еңбек еткен ұстаздар: Ветошкина Г.В. Баймұратова Б.Б. Муканова З.Ж.
Облыстық «Үздік ұстаз» грантына ие болған мұғалімдер: Ережепова Б.Ф. Мұсағали С.С. Кулишбаева С.М. Құлжанова М.Қ. Тілеуберді А.Т. Ешаманова Д.Ш. Аметова А.Д. Сарбупин А.С.
Мектептің қоғамдық жұмыстарына және тәрбие оқу процесінде белсене атсалысып жұмыстар атқарып жүрген мұғалімдер: Ожанова Р.Ж. Абдрахова У.Ж. Алтыбаева Б.Б. Арқабаева А.А. Нұртазин М.Ж. Махамбетова А.А.
Осы мектептен бітірген түлектер арасында елге адал қызмет еткен азаматтар:
Мұхамбетов Архимед Бекежанович Ақтөбе облысының әкімі,Құтқожина Рабиға философия ғылымдарының докторы, Құрманалин Данияр республикаға еңбегі сіңірген хирург, атақты ұстаздар Ағниязов С. Таубекенов Ә. Кимеков Ө. - корреспандент, Ағниязов Н.С. т.б.
Осы қазіргі уақытта 2009 жылдан бастап №1 Алға мектеп – бақша деп аталды. Балабақшада 80 бала, 3 топ 560 баладай тәрбиеленуде.
Мектеп оқушылары Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жақсы көрсеткіштерге, спорттан облыстық, республикалық, олимпиядадан облыстық, жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Мектеп ұжымының арқасында және мектеп басшысы Г.С. Махамбетованың басшылығымен осындай үлкен жетістіктерге жетуде.