Актобе

                                         

            



Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Іс-шаралар


№1 Алға мектеп-бақшасының 4"Б" сынып оқушысы Тұрғали Жасминнің "Отбасым-байлығым" атты фото коллаждары.


№1 Алға-мектеп бақшасы , 3"Б" сынып оқушылары 15-мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай дайындаған "Отбасы-бақыт мекені" атты видеоролигін ұсынады.

Сынып жетекшісі: Ержанова Арайлым



№1 Алға мектеп-бақшаның 3”в “ сынып оқушысы Уразбай Саянның “15 мамыр Отбасы күнімен” құттықтайды



ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!



№1 Алға мектеп бакшасы 2"в" сынып жетекшісі Оспанова Несібелі апайдың "Бақыт-отбасынан басталады"атты тәрбие сағатынан көріністер




№1 Алға мектеп-бақшасы 1 "А" сыныбының Халықаралық отбасы мерекесіне орай "Отбасы -  жылулық ұясы " атты тәрбие сағаты .Сынып жетекші Қойбағарова Л.А.



"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында №1 Алға мектеп-бақшасында "Адалдық жолынан айнымайық!" атты тақырыпта қашықтықтан тәрбие сағаты өткізілді.

 Өткізген: 3"В" сынып жетекшісі: Оралбаева К.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын әлемде"  тақырыбында 2 "А"  сыныбында қашықтықтан  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен белсенділік пен жауапкершілік танытты. Сынып жетекшісі:Кушекова Салика




Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын әлемде"  тақырыбында 3 "Б"  сыныбында қашықтықтан  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен белсенділік пен жауапкершілік танытты. Сынып жетекшісі:Ержанова Арайлым



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын әлемде"  тақырыбында 5 "Б"  сыныбында қашықтықтан  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен белсенділік пен жауапкершілік танытты. Сынып жетекшісі:Кушекбаева Мира




Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын әлемде"  тақырыбында 4 "Б"  сыныбында қашықтықтан  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен белсенділік пен жауапкершілік танытты. Сынып жетекші:Сақтағанова Перуза



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын әлемде"  тақырыбында 5 "А"  сыныбында қашықтықтан  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар үлкен белсенділік пен жауапкершілік танытты.Сынып жетекшісі  Дузмагамбетова Жанар


Жеңіске 75 жыл" тақырыбындағы қашықтықтан өткізілген эссе  байқауына #1 Алға мектеп-бақшасының 7-8-10 сынып оқушылары қатысты.


13 наурыз күні №1 Алға мектеп-бақшасында 8-11 класс оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, көктемгі  демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында "Қауіпсіз мектеп" республикалық жедел профилактикалық іс-шара аясында ІІБ-нің кәмелетке толмағандармен істер жөніндегі  инспекторлары Ш.А.Абилхайров және Е.С.Асанбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде оқушыларға заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында, ата-ананың қарауынсыз түнгі мезгілде жүрмеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сонымен қатар алдағы 16 наурыз-5-сәуір аралығындағы оқушылардың демалысқа шығуына байланысты жасөспірімдер арасында алу шаралары күшейтілетіндігі ескертілді.


Бүгін 11 наурыз күні мектепішілік әдістемелік жоспарға сәйкес қазақ әдебиеті сабағынан 8"а" сыныбында Н.Бөлекееваның "Аққулар ұйықтағанда поэмасындағы ескілік қалдығы" тақырыбында ашық сабағы өткізілді. "Менің анам" жаттығуымен басталып, оқушылар алақан суретіне тіркесті одан әрі жалғастырып, өз ойларын жазды. Топқа бөлу тақырыпты ашатын сурет қиындылары мен онда жасырылған қанатты сөздерді табу, мағынасын ашу жұмыстарымен жалғасты. "Екі шеңбер" әдісі арқылы оқушылар тақырыпты, сабақ мақсатын өздері болжады. Сондай-ақ, сабақтың негізгі бөлімдерінде "Балық қаңқасы", "Кейіпкермен сұхбат", "551" әдістері қолданылды. Оқушылардың білімін бағалау "Quizlet.live" интернет танымдық ойыны арқылы жүргізілсе, "рефлексиялық шеңберде" оқушылар сабақтың қорытынды түйінін жасайтын тәжірибелік жұмыспен аяқтады. Сабақ "өте жақсы" деңгейде ұйымдастырылды.



Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай мектебімізде гуманитарлық пəндер бірлестігінің онкүндігі аясында сыныптан тыс іс-шаралар өтуде. Осы орайда 10 -сыныптар арасында "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты сайыс өтті. Сайысты қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Нуртазина Жанат өткізді. Оқушылар Абай атамыз  туралы  білімдерін шыңдай түсті.




Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес қазақ  тілі пәнінің мұғалімі  Тилеуберди Айжан Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты сыныптан тыс іс-шара  өткізді. Аталған шараға  мектебіміздің 6-7-сынып оқушылары қатысты.Бұл шара арқылы оқушылар дана әрі дара тұлғамыз туралы біліммен сусындап, қазіргі қоғамдағы орнымен толық танысуға мүмкіндік алды.




№1 Алға мектеп-бақшасында 5 Наурыз күні "Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" бастауыштар онкүндігі аясында "Ару ана,әсем қыз" байқауы өткізілді. Бас жүлде 1"в" сыныбы, I орын 1"а" сыныбы , II орын 3"б", 2"в", 2"б" сыныптары,  III орын  2"а", 1"б"  ата-аналары мен оқушыларына берілді.





6 Наурыз күні №1 Алға мектеп-бақшасында 5-7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана-гүл, ана-жыр,ана-өмір шуағы!" тақырыбында мерекелік концерт өтті.





 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған гуманитарлық пәндер бірлестігінің өткізіліп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес орыс тілі пәнінің мұғалімі Кулгенбаев Марат Абенович 3 "Б" сыныбында "Мудрый Абай" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ "Сенің ерекшелігің" деп аталатын шаттық шеңберімен басталды.Ақынның жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріне сәйкес суреттерді құрастырып, яғни "Мозайка" әдісі арқылы"Осень","Зима","Лето" деп аталатын топтарға бөлініп, бір-бір шумақ өлеңдерінен үзінді оқылды. Үй тапсырмасы да"Лездік сұрақтар" арқылышебер қорытындыланды. Жаңа тақырыпты оқушылар өздері болжап, түрлі деңгейде тапсырмалар орындады. "Сергіту сәтінде" оқушылар "Көзімнің қарасы" әнін шырқады. Сабақ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен байланыстырылып өткізілді. Бағалау бөліміне 5 сұрақтан тұратын тест тапсырма алынды. Жұптар бірін-бірі тексеріп, бағалау тақтадағы критерийлерге сай жүргізілді. "Рефлекция" парағы толтырылып, оқушыларға оқытқызылды. Сабақ "өте жақсы" ұйымдастырылған.




Мектебімізде гуманитарлық пәндер бірлестігінің Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай онкүндік өткізілуде. Оқушылардың үзілісі кезіндгі "Сөз ойла, тез ойла" атты көңілді ойыны өте қызықты өтті. Оқушылар шапшаңдықпен қатар сөздер құрауда ой ұшқырлығын да шыңдай білді. Жеңімпаз топтарға сыйлық үлестірілді.



1 Алға мектеп-бақшасы бойынша "Мектеп асханасы" республикалық алдын-алу шарасы аясында мектебіміздің ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастыру жағдайын зерттеді







29 Ақпан күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен 2020 жыл- "Ерікті жылы" болып жарияланды. Басты мақсат- ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, №1 Алға мектеп-бақшасының еріктілертобы"Ерікті болу-ерлік" ұранымен Тамды ауылына барып, мектеп тынысымен танысып, ардагер ұстаздардың ауласындағы қарды тазалап, қарттарымыздың батасын алды.



   

24 Ақпан 2020 жылы "Абайды білмек керек ойлы жасқа" атты дара ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай өткізілген онкүндік ашылуы өтті. Салтанатты шара мектеп директоры Г.С.Махамбетованың алғы сөзімен басталып, кемел ойдың кемеңгері Абай Құнанбайұлының өлеңдері үш тілде оқылып, әндері үш тілде шырқалып,"Торжорға" күйіне би де биленді. Жас ұрпақтың бойына ақын шығармалары арқылы адпми құндылықтарды сіңіріп, ұлы тұлғаның өнегелі өмірін үлгі ету мақсатына негізделді.





1-наурыз "Алғыс айту" күніне байланысты мектебіміздің ұлағатты ұстаздары әріптестері мен мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдірді.



#1 Алға мектеп - бақшасында "Алғыс айту" күнiне орай "Алғыс айту - парызым" тақырыбында тәрбие сағаттары өткiзiлдi.



Бүгін көктемнің алғашқы күні #1 Алға мектеп-бақшасында алғыс айту күні атап өтілді.Мектеп ұстаздарын Жас Ұлан ұйымының мүшелері құттықтады.



        2020 жылы 27 ақпан күні Алға аудандық ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Б.Әлиасқарұлы "#1Алға мектеп-бақшасының" ұжымы мен басшы құрамына және оқушыларға ҚР терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңының 10/3 бабы негізінде "Терроризмнің алдын алу", "Дағдарыс жағдайындағы персоналдың іс әрекеті", "Терроризм дегеніміз не?", " Эвакуациялық үрдісін жүргізу " тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейнероликтер, слайдтар көрсетілді.


"#1Алға мектеп-бақшасы"КММ денешынықтыру нұсқаушысы Онешбаева.П.К ересек"Ақбота"тобымен"Қар кесектері"тақырыбымен ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өтті. Мақсаты:ойындарды ойнау және жаттығуларды орындау барысында қимыл-әрекеттердің үйлесімділігін дамыту.Денсаулықтарын нығайту.



Ақтобе облысы Алға қаласы "#1Алға мектеп-бақшасы"КММ Ортаңғы топ 3-4-5 жас тәрбиеленушілері Республикалық "Өрлеу" порталында өткен "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты байқауға катысып жүлделі орындар алды
Жетекшісі: Калкаева Адеми, Кожабаева Айымгул, Абдуллаева Умитай.




.

24 ақпан күні #1 Алға мектеп-бақшасында 9-10 сыныптар арасында "Құқық және жеке тұлға" атты дебат өтті. Қатысқандар Г.Жасақбаева, Ш.Абилхайыров, А.Жариков кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жоғарғы сынып оқушылары.







      Алға мектеп-бақшасы" КММ

"Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз" тақырыбымен мектебімізде өтіп жатқан онкүндік аясында химия пәні мұғалімі Жанар Азатқызы "Көңілді қоңырау" кезінде химиядан қызықты тәжірибелер өткізді.



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған Аудан әкімінің жүлдесі үшін Алға ауданындағы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиадада ҮСТЕЛ ТЕННИСІ спорт түрі бойынша ІІІ орынды иеленген #1 Алға мектеп-бақшасының командасы марапатталды.  Команда мүшелері:

                    Жаумитов Сағитжан
                   Смайлов Тұрар
                   Жумагали Ерболат
                   Алтыбаева Бағдагүл
                   Маханова Динара
                  Дузмагамбетова Жанар


      22 ақпан күні #3 Алға қазақ орта мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абайдың асыл мұралары" атты аудандық жас мамандар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мектебіміздің "Қауырсын қалам" тобы қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жарайсыңдар!!! Еңбектерің жана берсін.

 


«Birgemiz» аудандық жас еріктілер форумы өтті. Бүгін,Алға индустриялы техникалық колледжінде аудан әкімі М.Аққағазовтың қатысуымен «Біргеміз» аудандық жас еріктілер форумы өтті. Сонымен қатар форумға Ақтөбе қаласынан «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының төрағасы Әлішер Садық, «Д.А.Р» еріктілер тобының координаторы Ақмарал Ялгашбаева, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Нұрбақыт Алтынбекқызы арнайы шақыртылып, волонтер жастарға өз тәжірбиелерімен бөлісті. Сондай ақ белсенді жастар тарапынан ұсыныс тілектер айтылып, аудан көлемінде жүзеге асырылатын жобалар таныстырылды.
Шара соңында, аудан әкімі М.Аққағазов белсенді волонтерларды алғыс хатпен марапаттап, келген қонақтарға алғысын білдіріп алғыс хат және естелік сыйлық тарту етті.

 


№Алға мектеп-бақшасының білім алушылары І дәрежелі дипломмен "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, Тілегенова Ж,Жарылкасынова А, Абенова А. 1орын иеленді


#1 Алға мектеп-бақшасында "Жаныңда жүр жақсы адам!" атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға "Жас Ұлан" ұйымының жоғарғы сынып оқушылары белсене қатысты. Қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Ұйымдастырған мектебіміздің аға тәлімгері Д.М.Калыхова.


 


 6.02.20ж. 6 сыныптар арасында "Қайырымдылық-жер бетінде" тақырыбында М.С.Кушекбаева мен Б.Б. Алтыбаева флешмоб өткізді.Оқушылардың өмірге деген бейімділік, табандылдық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру, "Өмір", "Мейірімділік" ұғымдарына түсінік беру. Өмірге құштарлықтарын арттыра отырып, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.



5 Ақпан күні Кушекбаева Мира Сериковна және сынып жетекшілердің бірлесуімен "Руханилықтың мөлдір бұлағы" тақырыбында сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсе білді. Мейрімділік, ана, достық, бейбітшілік туралы суреттер салынды.



5 ақпан күні "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында #1 Алға мектеп-бақшасының 2"А" сынып оқушыларымен "Адам жақсы ісімен көрікті!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі С.Кушекова.



#1
 Алға мектеп-бақшасының 4"Б" сыныбымен мектебіміздің медбикесі Х.Ермекова "Дұрыс тамақтану" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.







Бүгін мектебімізде "Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік декаданың ашылуы өткізілді. Жиында мектебіміздің оқу ісі орынбасары Ережепова Бөбек Фермебаевнаға алғашқы сөз кезегі беріліп, оқушыларды құттықтады. Оқушылар өзін-өзі тану туралы өлеңдерін айтты. Жиын соңында өзін -өзі тану пән мұғалімі Кушекова Мира онкүндік жоспарымен таныстырылып, оқушыларға сәттілік тіледі.





Мұғалім- мектептің жүрегі. Әр адам баласын білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан өлмейді.
25 қаңтар күні мектебімізде теориялық білім-біліктері мен педагогикалық біліктілігін арттыру үшін жас мамандарға практикалық көмек көрсету мақсатында "Үйренерім көп менің" атты тәлімгерлер мен жас мамандар арасында мектепішілік семинар өткізілді.




#1 Алға мектеп-бақшасы бойынша "Қазақстан мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасы аясында "Әдептілік әлемі", "Мейіріміңмен бөліс" тақырыбында 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.





"Ақ бота" интеллектуалды марафонына 3-6 сынып оқушыларынан жалпы саны 55 қатысып, 42 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!




  
  №1 Алға мектеп-бақшасында "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық-адамдықтың белгісі!" тақырыбында 9 сыныпта танымдық сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Н.Бөлекеева







 №1 Алға мектеп-бақшасында "Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық-асыл қасиет!" тақырыбында 4 сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі П.Сақтағанова







   №1Алға мектеп-бақшасы бойынша "Қазақстан мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасы аясында "Жақсылық жасауға асығамыз!" тақырыбында мектебіміздің "Еріктілер тобы" мүшелері Ибраимова Рақыш апайдың үйіне барып, ауласының қарын тазартып берді.



    №1 Алға мектеп-бақшасында қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай-дана, Абай-дара қазақта" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау. 6"б" сынып жетекшісі: Кайназарова А.Е.







  27 қаңтар күні №1 Алға мектеп-бақшасында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жоғарғы сынып оқушыларымен талқыланды. Мектеп бітіруші түлектер, мектеп Ұланбасы мақаладағы 10 өзекті ойды түсіндірді.

 


 Алға мектеп-бақшасында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 9 қаңтар 2020 жылғы "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы мектеп ұжымымен талқыланды.



        27 қаңтар күні #1 Алға мектеп-бақшасының жоғарғы сынып оқушыларымен "Жат ағымның әлеуметтік желілер арқылы арбау тәсілдері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға аудандық оқу бөлімінің әдіскері С.Атыраубаева, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының мамандары Г.Баетова, Б.Нұрлан, Алға ауданы полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Балаби Әлиасқарұлы, мектеп директоры Г.Махамбетова қатысты.

  


 17 қаңтар күні #1 Алға мектеп-бақшасында жалпы республикалық "Адалдық сағаты" акциясы аясында 1-11 сыныптар арасында іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.




   АБАЙЛАҢЫЗ СНЮСТЕР❗❗❗ СНЮС деген не ⁉⤵⤵⤵ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің темекі және темекі емес өнімдерді әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізу туралы қаулы (№ 7-ПГВр 12.12.2019ж) шығарғаны туралы хабарлайды. 🛑Снюс –бұл ылғалданған темекі. Ол ауыз арқылы қабылданады. Негізінен снюс хош иістендіргіштердің қоспасынсыз шығарылады, онда-темекінің дәмі мен иісі бар. Бірақ әр түрлі хош иістерімен, атап айтқанда - жалбыз, гүл, жеміс, өсімдік және басқа да дәмі бар түрлері бар. Снюс шайбаға ұқсас дөңгелек қаптамаларда сатылады. 🛑Швецияда және Норвегияда снюс заңды түрде сатылады, ал Еуроодақтың басқа елдерінде снюсті 1992 жылдан бастап сатуға тыйым салынған. Ресейде 2015 жылдан бастап темекінің бұл түрін көтерме және бөлшек саудада сатуға тиым салынған. 🛑Снюстің қауіптілігі - оны ұзақ уақыт ауызға салып ішке ерітіп жібергендіктен, никотин қан мен ми жасушаларына тезірек түседі. Осылайша, никотиннің ағзаға түсетін мөлшері, темекіге қарағанда бірнеше есе жоғары. "Тиісінше, тұтыну кезінде адам өміріне маңызды органдарға улы соққы алады." 🛑Снюстің құрамында потенциалды канцерогендік әсерімен 30-дан астам химиялық заттар бар. Ал, канцерогендер мутация және ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш және өкпенің қатерлі ісіктерінің дамуын тудырады. Сондай-ақ тістің бұзылуы, пародонтоз, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларына алып келеді. 🛑Снюсті қолдану, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің улануын тудырып, нәтижесінде өлімге де әкеліп соғуы мүмкін. Темекіге қарағанда, снюс қысқа мерзімде тәуелділікті тудырады, ал одан құтылу оңай емес. 🛑Снюс адамның, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіпті! Сақ болыңыздар, тыйым салынғанына қарамастан, оны сауда орындарынан және интернет желісі арқылы заңсыз сату жалғасуда. 🛑Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз бұл зұлымдықты жеңіп, балаларымызды қорғай аламыз❗



 Алға мектеп бақшасында 14 қаңтар күні "СНЮС" өнімдері және энергетикалық конфеттері мен сағыздарының зияны" тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Қатысқандар: мектеп инспекторы А. Жариков, ішкі істер бөлімінің қызметкері Т.Курманалин, мектеп медбикесі Б.Асанбаева.





        2020 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциясы және ҚХА 25 жылдығы, ҰОС Жеңістің 75 жылдығы аясында Алға орталық стадионында "Бәріміз шаңғыға тұрайық" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға #1 Алға мектеп-бақшасының ұжымы қатысты.





Бүгінгі Алға қаласының тұрғындарына арналған мерекелік концертте 6-7 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Алға қалалық мекемелер арасындағы көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы жарияланды. Біздің мектеп жүлделі 2 орынды иелендік, сондай-ақ ақшалай 150000 теңгенің сертификаты табысталды. Мектеп ұжымын құттықтай отырып, мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз.


Бүгінгі Алға қаласының тұрғындарына арналған мерекелік концертте 6-7 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Алға қалалық мекемелер арасындағы көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы жарияланды. Біздің мектеп жүлделі 2 орынды иелендік, сондай-ақ ақшалай 150000 теңгенің сертификаты табысталды. Мектеп ұжымын құттықтай отырып, мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз.





#1
 Алға мектеп-бақшасында 16желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп оқушыларымен "Тәуелсіздік- ерлік,шежіре,дастан" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.


10 желтоқсан күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 11 -сынып оқушысы Жарылқасынова Алтынай білімділігін көрсетіп мақтау қағазымен марапатталды. Пән мұғалімі Кайназарова Асемгуль Ербулатовна




#1 Алға мектеп-бақшасында 9 желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне байланысты мектеп оқушыларымен "Адалдық сағаты" ұйымдастырылды.








9 желтоқсан күні #1 Алға мектеп-бақшасының ұжымымен кәсіподақ ұйымының төрайымы А.А.Махамбетова халықаралық әйелдерге қарсы зорлық зомбылықпен күрес күніне орай "Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді


          "#1 Алға мектеп-бақшасы" КММ-ң ұжымы


  6 желтоқсан күні А.Досжанова атындағы конференц холлда Ақтөбе облысында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және БҰҰ Қазақстандағы дамыту бағдарламасының өкілдерінің ұйымдастыруымен «2020 жыл- Волонтерлар» жылына орай «VOLONTEER.KZ» атты халықаралық волонтерлар форумы өтті.
Форумның басты мақсаты -  облысымыздың және шет елдер аймақтарының еріктілер ұйымдары өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіру. Сондай-ақ, жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, олардың ізгілікті әрі рухани дамуы. Аталмыш шараға Алға ауданы атынан жастар ресурстық орталығының басшысы Темирлан Серикулы және "Жалынды жастар" еріктілер тобының белсенді мүшесі Жансая Бахтиярова қатысып, Алға аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған "Жалынды жастар" еріктілер тобы облыста жасалып жатырған игі істері үшін Ақтөбе облысы әкімі О.Оразалиннің алғыс хатымен марапатталды.



№1 Алға мектеп бақшасының 8 класс оқушысы Тилеубаева Нұржайна аудандық Әбіш Кекілбаев оқуларына қатысып, ақынның мұраларына деген сүйіспеншілігін жоғары деңгейде көрсете отырып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі : Бөлекеева Н.Қ. Құттықтаймыз!



Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиетінен ұйымдастырылған аудандық олимпиадада №1 Алға мектеп бақшасының 11 класс оқушысы Жарылкасынова Алтынай өзінің зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлау деңгейінің жоғары дәрежесін көрсете отырып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Қайназарова А. Құттықтаймыз! 




№1 Алға мектеп бақшасында 29-қараша күні "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы", "Қазақстанның астанасы - Н.Назарбаев армандаған қала", "Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш Президент" тақырыптарында жалпыреспубликалық ашық тәрбие сабақтары өткізілді. Бірыңғай сабақтың мақсаты: ҚР Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында оқушылардың бойындағы елжандылық, отансүйгіштік, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, бағыт-бағдар беру. Оқушылар тәрбие сабақтарына қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.






Тұңғыш Президент күніне орай №1 Алға мектеп-бақшасында мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Мектеп ұжымынан құрылған 3 топ ойынға белсенді қатысып, жеңімпаздар марапатынан кейін, ойын соңында достық флешмоб биледі.





1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне" орай, №1 Алға мектеп бақшасының кітапханасында мектеп оқушыларына "Елін сүйген Елбасы" тақырыптық көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға Елбасының өмірі, еңбек жолы мен ақындық, кемеңгерлік қасиеттері туралы мәліметтер беріліп, оқушылар да өз тарапынан Елбасына, елге, ұлқта деген сүйіспеншіліктерін, ізгі тілектерін жолдады.






Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі , - «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай, №1 Алға мектеп бақшасында оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, оларға тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпағы екендерін сезіндіру мақсатында «Ұлт көшбасшысы – болашақ сәулетшісі» тақырыбында 9"б" сынып оқушыларына ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шараға «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыптық көрме ұйымдастырылып, мектеп директоры Г.С.Махамбетова, "Нұр Отан " партиясының Алға аудандық филиалының кеңесшісі, мектебіміздің Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы А.А.Махамбетова қатысып, оқушыларға өз лебіздерін білдірді.








  "№1 Алға мектеп - бақшасында" 25 - қараша күні мектеп психологы Г.Н.Тәжімағанбетова, әлеуметтік педагог И.К.Кдыралиева 8-11 сынып оқушыларымен "Қиын жағдайлардың шешу жолдарын табу" тақырыбында iс- шара өткізді. Шараға мектеп директоры Г.С.Махамбетова, мектеп инспекторы А.Жариков, кәмелеттік жасқа толмағандар инспекторы Ш.Абилхайров қатысты.





       




    №1 Алға мектеп - бақшасында"  23 - қараша күні мектеп психологы Тәжімағанбетова Г. мектебімiздiң жас мамандармен және олардың тәлiмгерлерiмен "Менiң кәсіби мамандығым" атты психологиялық тренинг өткiздi.





         Қараша айының 22- сі күні Алға аудандық әкімдігі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Ханзада мен Ханшайым-2019" аудандық жастар байқауында КРЕАТИВТІ ЖҰП иегері атанған Бахтияров Жамбыл
Берік Жансая марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


       



  18 қараша күні № Алға мектеп-бақшасында 8-11 сынып ата-аналарымен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, участкелік инспектор Е.Алиев, мектеп инспекторы А. Жариков, қамқоршылық кеңесінің мүшесі С. Сайманов қатысты.


15 қараша Бейімбет Майлиннің Жармағамбетұлының 125жыл толуына орай"Ақиқатты айналып өтпеген жазушы" атты тәрбие сағаты №1Алға орта мектеп бақшасының оқушыларына таныстырылды. Тәрбие сағатында оқушыларға Бейімбет Майлиннің өмірімен толық таныстырып шығармаларының тәрбиелік мәнін, өзектілігін айтып өтті. Оқушылар Бейімбет Майлиннің "Қазаққа", "Байлыққа", "Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз"атты өлеңдерін оқып талқылау жүргіздік. "Табындырар тағылымдары" атты кітап көрмесі таныстырылды, көрмеде Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі", "Тұңғыш құрбан", "Ел сыры", т.б кітаптары қойылды.



 Алға мектеп-бақшасы бойынша жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы аясында 10-11 сыныптар арасында "Адалдық бар жерде адамдық бар" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы А.Махамбетова, мектеп инспекторы А.Жариков қатысты.



НҰР-СҰЛТАН қаласында волейболдан өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында Алға волейбол құрамасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Команданың ойыншысы #1 Алға мектеп-бақшасының 6"А" сынып оқушысы Серкештаева Махаббатты жеңісімен құттықтаймын!!!



31қазан күні #1 Алға мектеп-бақшасында күзгі каникул жоспарына сәйкес 6 сыныптар арасында "Ұшқыр ой мен шешен тіл!" сайысы өткізілді. Сайыста жеңіске жеткен 6 "А" сыныптың оқушылары марапатталды. alga_roo, gorakimat_alga




Ағымдағы жылдың 30-31қазан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңі (мектепішілік) өтуде.
Оқушыларға сәттілік, жеңіс тілейміз!!!







 25 қазан күні Ақтөбе қаласында Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық "Бауыржан Бабажанұлы оқуларынан" мектебіміздің оқушылары жүлдемен оралды. 9 "а" сынып оқушылары Ұзақбаева Мөлдір мен Тлегенова Жаннұр 3 орындарды иеленді. Жетекшісі Нуртазина Жанат Магзумовнаны құттықтай отырып, алғыс білдіреміз !





            Алға мектеп - бақшасында 25 қазан күні "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында бірыңғай сағаттар өткізілді.



             19 қазан күні мектебімізде 5-6 сыныптар арасында өткен "Алтын күз-2019" мерекесіне орай ұйымдастырылған "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты мерекелік іс-шара өтті. Осы меркемізде І орынды 6"А" сыныптың оқушылары алды.Ал ІІ орынды 5"А" сыныптың оқушылары, ІІІ орынды 6 "В" сыныптың оқушылары қалған екі сыныптар номинациямен марапатталды. Ұйымдастырған: Аға тәлімгер Д.М.Калыхова және "Жас Ұлан" ұйымының қыздары. Құтты болсын тек алға!!!







         Ақтау қаласында өткен "Спорт- нашақорлық пен терроризмге қарсы" ұранымен 2004-2006 және 2009-2010 ж.т. қыздар арасында өткен "Aktau OPEN" атты 1 облыстық ашық турнирінің 54 салмақ дәрежесінде ІІІ орын алғаны үшін мектебіміздің 9"А" сыныптың оқушысы Жумагали Гулжанат марапатталды.




            16 қазан күні #1 Алға мектеп-бақшасында кезектен тыс кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа білім мекемелерінің алғашқы əскери дайындық ұйымдастырушылары қатысты. Отырыста Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы подполковник Ниязалиев Габдилжалель Калдыбаевич таныстырылды.




       2019жылғы 12 қазан күні №1 Алға МБ базасында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптағы ерекшеліктер» тақырыбында Жетекші және Серіктес мектептер арасында серіктес мектептерге әдістемелік көмек ретінде семинар өтті. Мектепаралық қоғамдастық жұмысы барысында мұғалімдермен өзара тәжірибе алмасып, көптеген пікірлер, көзқарастар ортаға салынды. Көкейде жүрген сұрақтар өз шешімін тапты.





          #2 В.И.Пацаев атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық "Ақтөбе" газетінің редакторы Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдығына арналған аудандық әдеби оқу байқауы ұйымдастырылды.
Сәл бірдеңе түссе болды қазанға,
Және түбі көрінбесе қапшықтың.
Әркім барын шығаратын базарға,
Мен жырымды ап шықтым, - деп поэзияны өмірінен жоғары қоятын өлең өлкесінің өресі биік ақыны Бауыржан Бабажанұлының оқуларына мектебімізден 3 оқушы қатысты. Өршіл рух пен асқақ сезімге толы туындыларынан шынайылықтың лебі есіп тұратын ақынның өлеңдерінен шабыт алған 3 оқушымыз да жеңіспен оралып, мектеп ұстаздарын бір марқайтып тастады. 9"а" сынып сынып оқушылары Тлегенова Жаннұр 1 орынды, Ұзақбаева Мөлдір 2 орынды, 8"а" сынып оқушысы Тилеубаева Нуржайна 3 орынды иемденді. Сондай-ақ 1, 2 орынды иеленген оқушыларымыз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. СӘТТІЛІК СЕРІКТЕРІҢІЗ БОЛҒАЙ! Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілері Ж.М.Нуртазина мен Н.Қ.Бөлекееваға еңбектеріңіз жанып, толағай табыстарға кенеле беріңіздер демекпіз!






#1 Алға мектеп-бақшасында "Қыз болашағы-ел болашағы" онкүндік аясында 7 класс қыз балаларымен "Қыз бала-ұлттық ұяты, халықтың шырайы!" атты дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырған кітапханашы: Атамуратова Ж.М. және аға тәлімгері: Калыхова Д.М.


          



#1 Алға мектеп - бақшасында 15 қазан күні жоғарғы сынып оқушыларымен "Электр қауіпсіздігi" тақырыбында аудандық электр жүйесінің аға диспетчері Кулназаров А. және Жақсығалиев А. түсіндірме жұмыстарын жүргізді.





         #1Алға мектеп - бақшасында қыздар онкүндігі аясында "Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының" маманы Дилда Досымханованың қатысуымен "Адами құндылық" тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Адами өмір құндылықтарды насихаттау, түсіндіру.



           7 қазан күні #1 Алға мектеп-бақшамызда "Балалар қауіпсіздігі -басты назарда!" тақырыбында жалпы мектеп мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа аудандық білім бөлімінің əдіскері Г. Қуандықова, полиция капитаны А. Жариков қатысты.


          3 қазан күні ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай 11"а", 11"б" сынып оқушыларының "Жарық күні ғаламның" атты мерекелік концерті өтті. Өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білген оқушылар мен сынып жетекшілері А.Тилеуберди мен З.Т.Кудьяроваға алғыс білдіреміз!




           29 қыркүйек күні Алға аудандық кітапханада өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, дәріптеу мақсатында Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Халық жазушысы , ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қаншама халықты қара өлеңмен жұбатып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға, "Поэзия падишасы" атанған "Асыл бейнеміз" , "Жыр менің жалғыз тарланым" деп қалам тербеген,
Жаным -дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер басса да, жүр тарылмай
Шідерлеулі көңілді зулат жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай " ,-деп жырлаған, қазақ поэзиясын ерекше нұрландырып, жұлдыздай жарқыратқан, намысты қайрап, қыр қазағын жыр бесігінде тербеткен, қаламын басты қару етіп ұстаған ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған сайыста мектебіміздің 8 "б " сынып оқушысы Құрманғалиева Дариға жүлделі 3 орынды иеленсе, 8"а" сынып оқушысы Маратқызы Аққу алғыс хатпен марапатталды. Әдебиетті сүйетін, поэзиядан жанына нәр алатын тіл жанашырларына әрқашан жеңіс тілейміз! Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бөлекеева Назерке Қуанарқызы.





   
     

            Қандағаш қаласында "Үстел теннисінен" 2006 жылы туылған және одан төмен жасөспірімдер мен қыздар арасында МБЖСМ- нің ашық біріншілігінде #1 Алға мектеп-бақшасының оқушылары Кенжалин Даулет, Жолдасбаев Рамазан, Сайманова Нұршат - жеңіске деген жігері үшін дипломымен, 4 сынып оқушылары Құдайберген Гүлсезім және Төреғалиева Гүлназ жүлделі -3 орынды иеленсе, жасөспірімдер арасындағы жұптық бәсекеде Орынбасар Даурен жүлделі -2 орынды иеленді. Жетекшілері: Жаумитов С, Нұртазин М.





           №1 Алға мектеп -бақшасында 26 қыркүйек күні "Адал жол" марафоны аясында "Адалдық бар жерде -адамдық бар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс -шараға Алға аудандық "Нұр Отан " партиясы филиалының есеп беру жəне статистика меңгерушісі М.Насенова, қамқоршылық кеңесінің мүшесі А. Жариков, мектеп əкімшілігі қатысты.



         "Денсаулық фестивалі-2019" акциясы аясында аудандық жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа мектеп оқушылары, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. 5 сағат көлеміне созылған сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде 1 Алға мектеп-бақшасынан 36-38 жастағы әйелдер арасында бақ сынаған тәлімгеріміз Калыхова Дамегуль жүлделі 1 орынды, 29-30 жастағы әйелдер арасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бөлекеева Назерке 2 орындарды иеленді. Жеңімпаз спортшы ұстаздарымызды құттықтаймыз! Спорт сүйер жастарымыз арта берсін!



Бүгін қыркүйек 16-сы күні "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасының ұйымдастыруымен "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Жыр додасына 1 Алға мектеп-бақшасының 10 класс оқушысы Махмудова Әсемай қатысып, бағын сынады. "Қобыланды батыр" жырының Марабай жырау нұсқасы бойынша 100 бет көлемінде жыр жаттаған оқушымыз жүлделі 2 орынды қанжығасына байлап, жоғары нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, оқушымызға 100000 теңгенің сертификаты, жетекшісіне диплом табысталды. Осы орайда Махмудова Әсемайды жыр додасына тыңғылықты дайындап, ықпал еткен жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұртазина Жанат Магзумовнаға үлкен алғысымызды білдіреміз! Ұстаз еңбегінің көрсеткіші шәкірттерінің білім деңгейімен өлшенетіндігінін тағы бір дәлелдей түскендей. Жетістіктеріңіз еселене берсін!




"#1Алга мектеп-бақшасында" "Аялы алақан" атты 1сынып ата-аналарына арналған семинар өтті. Мақсаты: Бiрiншi сынып оқушыларының ата-аналарына психология - педагогикалық көмек. Мектебіміздің 1 сынып ата-аналары белсене қатысты. Мектеп психологы:Тажимаганбетова Г. Н




Алға мектеп-бақшасында 9-10 қыркүйек аралығында "Денсаулық фестивалі-2019" және "Өмір бойғы ұран-салауатты өмір салты!", "Дені саудың рухы сау" ұрандарымен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде бастауыш сыныптарында флешмобтар, орта буын сыныптар арасында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.




  10 қыркүйек күні 9-11 сыныптарға "2019 jyl -Jastar jyly" тақырыбында бүкілқазақстандық диктант жұмысы ұйымдастырылды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушыларға латын әліпбиі таспаланған парақшаларды таратып, жазба жұмысын орындатты. Оқушылар жұмысы уақытында тексеріліп, қорытындыланды.





 #1Алға мектеп-бақшасында 8 қыркүйек Қазақстандық Отбасылар күні мерекесіне орай 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.








          2-қыркүйек күні    #1 Алға мектеп -бақшасының 3-4 сынып оқушыларымен республикалық "Абайлаңыз балалар" акциясы аясында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Акцияға Алға аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жəне патрульдік полиция қызметкерлері қатысты.

 



23 сәуір күні #1 Алға мектеп- бақшасында жас мамандар арасында "Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті" тақырыбында пікірлесу ұйымдастырылды. Мақсаты жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.





        Ақтөбе қаласында өткен "Sport Fest Kazakhstan" республикалық мектеп спартакиадасында жеңіске жеткен оқушымыз Набиев Абзал ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Жаумитов С.

              4-17 сәуір аралығында "Қауіпсіздік Интернет" ақпараттық акциясы аясында #1 Алға мектеп-бақшасында "Интернет менің өмірімде" жоспарлы іс-шаралары басталды. Мақсаты-кәмелетке толмағандарға, ата-аналарға интернеттің кері әсерін түсіндіру.

          11 сәуір күні Т.Нұрмағамбетовтың "Анасын сағынған бала" шығармасы бойынша 5а сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Тилеубердінің ашық сабағы болып өтті. Жүйелі әрі шебер ұйымдастырылған бұл сабақты ашып, талдап көрсетуді жөн санадық. Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу, шығармадағы салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерді табу мақсаттарын негізге ала отырып, сабақ басында ой қозғау үшін "Портрет" әдісі пайдаланылды. Оқушыларды шығарманың ішкі мазмұнына сай "Арман", "Сағыныш", "Уәде", "Үміт" деп 4 топқа бөлді. Сондай-ақ, ойшақыруға бағытталған "Парталасымның портреті" тапсырмасы берілді. Тапсырманы орындату арқылы мұғалім сабақ мақсатын оқушылардың өздеріне ашқызды. Үй тапсырмасын "Иә, жоқ", "Орнын тап" әдістерін ұтымды пайдалану арқылы сюжеті мен композициясына байланысты сұрақтарға жауап алды. Негізгі бөлімде 4 топқа 4 кейіпкерге сипаттама бергізіліп, портреттер мен іс-әрекеттерін таба отырып мінездеме беру тапсырылды. Сурет бойынша "Кейіпкерді таны" тапсырмасын "5 қадам" әдісі бойынша табан іздері арқылы "Кім? Қашан? Қайда? Не істеді?"деген жетекші сұрақтар қоя отырып, кейіпкерлер анықталды. Салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерге байланысты да тапсырмалар беріліп, оқушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында "3.2.1" әдісі арқылы кері байланыс беріліп, бағаланды.


                 Сенбі күні #1Алғамектеп - бақшасының оқушылары Ақтөбе қаласында ашылған "Анаға тағзым" кешеніне экскурсияға барды. Ғимарат алдында тұрған "Ана мен бала" ескерткіші, сондай-ақ кешеннің ішкі безендірілуінің өзіндік тарихы мен үйлесімділігі оқушыларды бірден таңқалдырды. Қазақ даласында әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар аз болмағаны белгілі. Негізгі мақсат өскелең ұрпаққа ана өнегесін беру, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды қайта жаңғырту. Және де әлеуетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс ізге салуда жеткіншектерді жастайынан адами келбет тұрғысынан алыстатпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты аналарымыздың рөлінің маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар рухани демалыс сыйлаған мектеп әкімшілігіне өз ризашылықтарын жеткізді.




              Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 5 сәуір күні Ν1Алға мектеп-бақшасында "Денсаулық баршаға" атты таңғы жаттығу өткізілді





     29 наурыз күні "Толағай" атты аудандық эстетикалық жарыста шапшаңдығымен ептілігімен көзге түсіп, жүлделі ІІІ орынға ие болған N1 Алға мектеп-бақшасының "Қыран" тобының бүлдіршіндері марапатталды. Жетекшісі: Балманова Алия. Жарайсыңдар!!! Тек алға.


            

     

     8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйел мұғалімдер арасында шаңғыдан ұйымдастырған спорттық сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болған N1 Алға мектеп-бақшасының командасы марапатталды. Жарайсыңдар!!! Құттықтаймыз!!!



    


   2006-2007 жылы туылған қыздар арасындағы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған 2 ОМБЖСМ ашық Біріншілігінде І орынды жеңіп алған N1 Алға мектеп-бақшасының 5-6 сыныптың оқушылары Серкештаева Мөлдір мен Серкештаева Махаббатт марапатталды. Құттықтаймыз!!!

 


        №1Алға мектеп-бақшасында "8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған "Көктем аруы-2019" байқауы өтті. Байқауға 8-11 сыныптың қыздары қатысты. 10 "А" сынып оқушысы Әбіш Ділназ "Көктем аруы-2019" аттанды.   

                     
                                                       



                                                    




   №1 Алға мектеп-бақшасында Алғыс айту күніне арналған "Ұстазыма мың алғыс!" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Ұйымдастырған: музыка жетекшісі: Ержанова Г. Би жетекшісі: Алтыбаева Б. Мектеп тәлімгері: Калыхова Д. Ұстаздарымызға мың алғыс!



       14 ақпан күні "Тіл-тарих, тіл-тірек" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай мектебімізің тарих пәні мұғалімі Аметов Досан Дарханұлы "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда мектеп пен отбасы серіктестігі" тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш шараға Жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция лейтенанты Пангерей Жанаргүл Бекболатқызы,полиция лейтенанты Жасакбаева Гулжан Зинелгабиевна, сондай-ақ мектеп психологы, алғашқы әскери дайындық , өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері, ардагер ұстаздар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.


   14-15 ақпан күндері Алға мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2019 жылды "Жастар жылы" деп атауына байланысты 2007-2008,2009 жылы туылған және одан төмен жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында "Үстел теннисінен" аудандық турнир өткізілді.Турнирге жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.#1 Алға мектеп-бақшасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Орынбасар Даурен -1 орын,Кереева Сандуғаш- 3 орын,Төреғалиева Гүлназ-1орын,Құдайберген Гүлсезім-2 орын,Тоғызбай Жаннұр-3орын.Жаттықтырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Х.Жаумитов.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

 

              14 ақпан күні тарих пәнінің мұғалімі Қаңтаров Арқалық Бисенгалиевичтің "Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі. Жазба деректер" тақырыбында ашық сабағы өтті. Ашық сабақ 10 а сыныбына өткізілді. Оқушылар сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындауда өте жақсы нәтиже көрсетті.

             



           №1 Алға мектеп-бақшасында 13 ақпанда Алға ауданы әкімі Н.Алдияровтың тапсырысымен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және 01.01.2019 жылдан бастап Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу бойынша мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Мұқанов және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кангужин. ата-аналарымызбен кездесті.

   


        13 ақпан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі , жас маман Трумова Алтынгүл Лұқпанқызы " Do you know English " атты сайыс өткізді. Сайысқа 5-6 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысты. Тапсырмалар ойын түрінде берілді. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталды.


          

      

        Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Мерген ұстаз-2019" пневматикалық мылтық атудан аудандық сайысында ІІІ орынға ие болған ағылшын пәнінің мұғалімі Сексенбаева Айгерим марапатталды. 


            
  
          

          Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп отырған пневматикалық мылтық атудан аудандық "Мерген-2019" сайысында ІІ-орынға ие болған #1 Алға мектеп-бақшасының 9 "А" сынып оқушысы Бахтиярова Жансая марапатталды.


 

Алға мектеп-бақшасында "Қазақстан-мейірімділік мекені!" акциясы аясында "Айгөлек" ән сайысы өтті. Сайысқа балабақша бүлдіршіндері қатысты. Ұйымдастырған музыка жетекшісі: Ержанова Гүлмира. 


             

          12 ақпан күні 1а сыныбында орыс тілі пәні мұғалімі К.Е.Муханбеткалиеваның "Транспортные средства" тақырыбында ашық сабағы болып өтті. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Сергіту сәттері, бағалау, кері байланыс, рефлексия оқушылардың қызығушылықтарын 


  

                                                         
           

            11ақпан күні №1 Алға мектеп-бақшасында "Тіл - тарих, тіл - тірек" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Тилеуберді 10а және 10б сынып оқушылары арасында "Зияткерлік-лингвистикалық турнир" білім сайысын өткізді. Сайыс "Кім? Қайда? Қашан?", "Волейбол" атты бөлімдерден тұрды. Әр бөлімдегі "Қара жәшік", "Блиц сұрақ" сынды тапсырмалар оқушылардың қызығушылықтарын одан әрі арттыра түсті. 10а сынып оқушылары білім деңгейлерінің, ойлау шапшаңдылықтарының жоғары екендігін көрсетіп, нәтижесінде жеңіске жетті. Қорытындылау бөлімінде мектеп директоры Махамбетова Гүлжахан Сагинбаевнаға сөз беріліп, сөз барысында қатысушы және көрермен қатарындағы оқушылар мен пән мұғалімдеріне ризашылығын айтып, алда осындай игі шаралар өз жалғасын табатындығына сенім білдірді


                                                                          


           

               11 ақпан күні №1 Алға мектеп-бақшасында "Тіл-тарих, тіл-тірек" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Бірлестік жетекшісі Н.Қ.Бөлекеева онкүндік жоспарымен таныстырып, өткізілетін шараларға белсенділікпен атсалысуға шақырды.



       

           №1Алға мектеп-бақшасында "Қазақстан-мейірімділік мекені" акциясы аясында іс-шаралар өтуде. "Қайырымдылық-жылы жүректен" атты 2 сыныптар арасында танымдық тәрбие сағаты өтті. Ал 3 сыныптар арасында "Мейірім-менің жүрегімде!" атты сурет байқауы өткізілді.


                                        
                
           

           №1 Алға мектеп-бақшасы"КММ жаратылыстану бірлестігінің "Жаратылыс ғажайыптары" он күндігінің аясында 5 сыныптар арасында "Ғажайып сандар" атты сайысы өтті  


     

         "Алға мектеп-бақшасы" КММ Жаратылыстану бірлестігінің "Жаратылыс ғажайыптары" атты он күндігінің аясында 10 сыныптар арасында "Виртуалды əңгімелесу" пікірталас сайысы өтті. Пəн мұғалімі: А.Д. Аметова


   
    
           

      №1 Алға мектеп-бақшасында жастар арасында адалдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында "Адалдық дүкені" акциясы ұйымдастырылып оқушылар мен ұстаздар белсене ат салысты.


  

                                                                                                   

       №1  Алға мектеп-бақшасында "Қазақстан-мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасы аясында іс-шаралар өтуде. 1 сыныптар арасында "Қайырымдылық-біздің жүрегімізде" атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.



             
              
         

           1ақпан күні №1Алға мектеп -бақшасында Алға аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Н. Король мен денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ғ. Ермекбаеваның қатысуымен "Қызылшаның алдын алу жолдары" тақырыбында ата -аналарға дәріс оқылып, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.


                                                  


      26 қаңтар күні  №1 Алға мектеп-бақшасында қамқоршылық кеңесінің отырысы болып өтті. Күн тәртібінде Мұғалім мәртебесі заң жобасы. Жасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары туралы талқыланды.

                                            
        
                                           

                                                 
        
        
        19 қаңтар күні мектепке құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Бектұрғанова, мектеп директоры Г.Махамбетова қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қ.Ержанов ата-аналар, сынып жетекшілер мектеп инспекторы А.Жариков қатысты.